Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды 159 млрд. астам теңгеге қаржыландыруды көздеп отыр, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты ТМККК және МӘМС пакеттеріне өзгерістер енгізілді.  COVID -19 шалдыққан пациенттерге және COVID-19 күдікті жағдайда  мобильді бригада мен стационарлық қызмет үйде  көрсетіледі. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық қазақстандыққа арналған. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМККК пакетінде «байланыста болған адамдарды, бактерия  мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау бойынша»  қызметтер көзделген», - деді Төкежанов.

Осылайша, бұл өзгерістер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді, -деді ол. Бұл әсіресе күзде инфекцияның ықтимал екінші толқына кезінде өзекті.

«Қазір Қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды қарыландыру үшін 159 млрд. астам  теңге  қарастырылған. Оның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге – 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға - 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге – 4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге – 0,4 млрд. теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР- ға - 10 млрд теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 млрд теңге беріледі», - деп нақтылады Басқарма төрағасы.

Наурыздан шілдеге дейін Қор 36,9 млрд теңгені емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына төледі. Оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 500 мыңға жуық ПТР-тест жасалды. Инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға 31 млрд. астам теңге жұмсалды. Құрылған мобильді бригадалар шілде айында шақырған 43 мың үйге барған.

Жыл соңына дейін пациенттерге коронавирусқа қарсы шамамен 2 млн. ПТР-зерттеу жүргізу, оның ішінде стационарларда 600 мыңға жуық, амбулаториялық - 1,4 млн. астам тест жасау жоспарланған.

24.09.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу